{metadescription}
Ер адам 20 жыл бойы топырақ жеп келген

Ер адам 20 жыл бойы топырақ жеп келген

Үндістан тұрғыны 20 жылдан бері күніне бір килограмнан аса топырақ жеп үйреніп кеткен.

Үндістанның Андхра-Прадеш штатының тұрғыны Нукала Котешвара Рао 28 жасынан бері топырақ жеуге әуестенген. Айтуынша, ол кейбір кездері, тіпті, қарапайым тағамнан бас тартып, тек қана топырақпен қоректенеді екен. Раоның сөзінше, тамақ қабылдаудың мұндай әдеті оның денсаулығына еш зиянын тигізбепті. 

Топырақ жеу әлемде кең тараған. Мысалы, Габон, Камерун және Гвинее тұрғындары топырақты тағам ретінде кеңінен пайдаланатын көрінеді. Топырақ жеу ғылымда геофагия деп аталады. Тағы бір мысал ретінде, Индонезияның ампо тағамын келтіруге болады. Бұл ас күріш алқабының топырағынан әзірленеді екен. Топырақ жеу кей кездері жүкті әйелдердің арасында да байқалады.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.