{metadescription}
Ерте қайтыс болуға әкелетін факторлар айтылды

Ерте қайтыс болуға әкелетін факторлар айтылды

Мезгілсіз өлімге алып келетін бірнеше факторлардың бар екендігін ресейлік кардиолог мамандар айтып берді.

Дәрігерлердің айтуынша, ең алғашқы әрі қауіпті факторлардың бірі семіздік болып табылады. Әсіресе, бел аумағына шамадан тыс майдың жиналуы жақсылықтың нышаны емес. Ер адамдар үшін белінің диаметрі 102 сантиметрден, ал әйел үшін 88 сантиметрден аспаған дұрыс екен. 

Ерте қайтыс болуға алып келетін тағы бір фактор – артериалдық қан қысымының жоғары болуы. Бұл жағдай жасы 65-тен асқан адамдарда жиі байқалатын көрінеді. Қант диабетіне шалдыққан адамдарға да сақ болған жөн. Қан құрамындағы қанттың мөлшері бір литрде 6 миллимольды құраса, бұл жағдай қант диабетіне шалдығудың алды болып есептеледі. 

Ең соңғы фактор ретінде алкоголь өнімдерін және тұзды шамадан тыс көп пайдалану, шылым шегу мен қозғалыссыз өмір салты есептеледі. Аталған жағдайлар мезгілсіз қайтыс болуға әкеп соғады.  Сондықтан ресейлік мамандар салауатты өмір салтын ұстанып, жасыңыз ұлғайған сайын өзіңізіге аса күтімілділікпен қарауға кеңес береді. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.