{metadescription}
БҚО-да мектеп оқушысы қорада асылып тұрған жерінен табылды

БҚО-да мектеп оқушысы қорада асылып тұрған жерінен табылды

Батыс Қазақстан облысында 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады.

Ол өз үйінің ауласындағы қорада асылып қалған. Оқиға қарашаның 13-іне ауған түні Жаңақала ауданында орын алған. Аудандық білім бөліміндегілердің мәліметінше, жасөспірім Жаңақала аулындағы Жүнісов атындағы мектептің 11-сыныбында оқыған. 

«Жасөспірім түнде өз үйінің ауласындағы қорада асылып қалған. Әкесі түнгі ауысымнан келіп, малға жем беру үшін қораға кіргенде, баласының денесін көрген. Бұл кезде анасы Оралда емделіп жатқан. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Жақсы отбасыдан шыққан. Ата-анасының 5 баласы бар. Сол күні үйінде де, мектепте де ешқандай жанжал болмаған», - дейді білім бөліміндегілер. 

Сонымен қатар аудандық білім бөліміндегілер жасөспірімнің жақсы оқығанын және ҰБТ тапсыруға дайындалып жүргенін айтты. Ол хат жазып қалдырмаған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.