{metadescription}
Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды

Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды

Қылмыс мектеп маңындағы әжетханада жасалған.

Педофил бейнебақылау камераларының таспасына түсіп қалыпты. Он екі жастағы оқушы қыз мектепте жүргенде зорлық-зомбылыққа тап болды. Мәлімет бойынша, мектепте тек бір дәретхана бар және ол жиі жабық тұрады екен. Сол себептен оқушыларға даладағы әжетханаға баруға тура келеді. Ал оған кез келген адам кіре алады.

Сырттағы дәретханаға жетінші сынып оқушысы да барған. География пәнінен сұранып барған ол педофилге тап болыпты. Қыз болған жағдай жайлы сынып жетекшісіне хабарлаған. Екі сағаттан соң азғындық жасаған тұрғын ұсталып, оқушы оны бірден танып қояды.

Мектеп аумағы бейнебақылау камераларымен жабдықталған екен. Дегенмен қылмыскер видеоға түсіп қалса да, бұл жайт оған балаға азғындық жасауға еш кедергі келтірмейді. Осы оқиға жайлы белгілі болған соң ата-аналар мектеп әжетханасының дұрыс жұмыс істемегені және бөтен адамға ешкім назар аудармағаны үшін мектеп басшылығын жазалауды талап еткен.

Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталды. Дәрігерлер зардап шеккен қыздың халі қанағаттанарлық жағдайда деп отыр. Мектептің психолог маманы оқушы сабаққа оралуға дайын екенін айтты, тек әлеуметтік желіде оны қудалау тоқтатылса болды дейді

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.