{metadescription}
Нұр-Сұлтанда екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болмайды

Нұр-Сұлтанда екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болмайды

Елордада бұрқасын салдарынан екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты елордалық білім басқармасы таратты.

"19 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел мен жолдың нашар көрінуі) қала мектептерінде екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - делінген мәліметте.

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптар оқыған жоқ. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жариялаған болатын. Қазгидромет мәліметіне сай, 19 қарашада қар жауып, бұрқасындатады, жел 15-18 м/с дейін күшейеді. Сабақтың болмайтыны жайлы қайдан білеміз. Ескертуді білім саласындағы мемлекеттік органдар жасайды. Бірінші ауысым сағат 6:15-тен, ал екінші және үшінші ауысым сағат 12:15-тен бастап хабарландырылады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде