{metadescription}
Адамдардың болашақта сүттен және еттен бас тартатындығы айтылды

Адамдардың болашақта сүттен және еттен бас тартатындығы айтылды

Әлемде сүт және ет өнімдерін тұтыну күрт төмендейтіні айтылды.

Бұл ақпаратпен француздық Danone ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы Эммануэль Фабер бөлісті. Фабердің айтуынша, сүт өнімдерін тұтыну 20 пайызға, ет өнімдері пайдалану 50 пайызға дейін азаяды екен. Мұның себебін ол адамдардың үй жануарларынан келетін өнімдерге балама тағамдарды жаппай пайдалануы дейді.

Сонымен қатар Фабер тұрғындардың заманауи тамақтану рационы олардың денсаулығына кері әсер ететіндігін, бұған қоса ауыл шарушылығы техникаларының топырақты зақымдайтынын жеткізді. Euromonitor сараптамалық қызметінің мәліметіне сәйкес, қазір сүт өнімдері ең көп сатылатын азық-түліктердің көшін бастап тұрған көрінеді. Десек те бұл көрсеткіш 4 жылдан бері төмендеп келеді екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде