{metadescription}
Алматыда жаңа саябақ ашылады

Алматыда жаңа саябақ ашылады

2020 жылы қаланың шет жақтарына жасыл желек отырғызылады.

Алматының Алатау ауданында, «Алматы Арена» спорт кешенінен төмен жерде саябақ салынады. Алматы қоғамдық кеңесінің отырысында Урбанистика және қала жоспарлау басқармасының жетекшісі Алмасхан Ахмеджанов қалада жасыл аумақтарды арттыру жоспарлары жайында айтты.

«Келесі жылы Алатау ауданында, «Алматы Аренадан» солтүстікке қарай бір үлкен саябақ салғымыз келеді. Ол жерде жер қыртысының ені 300 метрлік жарылған жері өтеді, құрылыс салуға келмейді. Бірақ ол жердің табиғаты саябақ салуға ыңғайлы», - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Бұрын хабарланғандай, қаланың жасыл желектері зерттелді және оның қазіргі жағдайы анықталды. Зерттеу барысында қаладағы жасыл желектің жалпы көлемі бір адамға шаққанда небәрі 894 га – 4.8 шаршы метр екені анықталды. Ал, 70-80 жылдары бұл көрсеткіш 10 шаршы метрге жететін. Жасыл желек көлемінің азаюы қала көлемі мен адам санының артуына байланысты болып отыр. Айта кетерлігі, соңғы үш жыл ішінде 134 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Ағымдағы жылы отырғызылғаны - 140 мыңға жуық.

Дереккөз: zakon.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.