{metadescription}
Милиция ғимаратын жөндеген 7 жұмысшы газдан уланып қаза тапты

Милиция ғимаратын жөндеген 7 жұмысшы газдан уланып қаза тапты

Жизақ облысына қарасты Даштабад қаласы ішкі істер басқармасының ғимаратын жөндеген жеті жұмысшы 19 қарашаға қараған түні газдан уланып қаза тапты.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жұмысшылар милиция бөліміндегі бір бөлмеде түнеген. Таңертең ғимаратты милиция қызметкерлері қоршап тұрды. Куәгерлердің айтуынша, мәйіттерді ғимараттың арты есігінен шығарған. Марқұмдардың туыстары милиция бөлімі ғимаратына жиналды.

"Жұмысшылардың барлығы газдан уланған. Мен милиция ғимараты алдында марқұмның бір туысы қатты жылап тұрғанын көрдім, оны ішкі кіргізбеді", - деді куәгер.

"Жұмысшылар екінші қабаттағы бөлмеде жатқан. Түнде олар газ плитасын қосқан. Олар газдан уланған. Бұны маған органдарда істейтін танысым айтты", - дейді тағы бір куәгер.

Даштабад қалалық ішкі істер басқармасының бір шенеунігі мәліметті растады, бірақ қайғылы оқиғаның қалай болғаны туралы ақпарат бермеді.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде