{metadescription}
КТК арнасының тілшісі Гүлмира Әбіқай «Жылдың үздік тележүргізушісі» атанды

КТК арнасының тілшісі Гүлмира Әбіқай «Жылдың үздік тележүргізушісі» атанды

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығына дауыс беру аяқталды.

Дауыс беру Facebook-тің ресми сыйлық тобында өткізілді. Әр номинация бойынша әлеуметтік желілерді пайдаланушылар, сондай-ақ қазылар алқасы 10 үміткерге дейін ұсынылды. Ең көп дауыс жинаған үміткерлер финалдық short-list-ке өтті. Қазылар алқасының отырысы бекітілгеннен кейін «Халықтық сүйіктісі - 2019»  сыйлығы номинанттарының толық тізімін жариялады.

«КТК» тағы топ жарды! «Дау-дамайсыз» бағдарламасының редакторы, тілшісі, журналист Гүлмира Әбіқай топ жарып, «Жылдың үздік тележүргізушісі» жүлдесін жеңіп алды.

«Арнай салтанатты марапат Астанада өтеді. 2019 жылдың ең үздік тележурналисі КТК телеарнасы Гүлмира Әбіқай деп әділ-қазы алқалары шығарып, ресми сайттарға белгіледі. Әрине өте қуаныштымын. Бұл мен үшін жыл соңындағы күтпеген тосын сый болды. Еңбектің еленгеніне рақмет. Халықтың сүйіктісі болғандықтан халық бағалайды. Жарты миллионнан астам адам фейсбук желісінде дауыс берген. Бәріне ризамын. Рақметімді айтамын. Біз халықтан алыстамаймыз. Дау-дамайсыз халықпен біргеміз!», - деді Гүлмира Әбіқай.

Марапат иегерін Исландияда іс-сапармен жүрген Сенат депутаты Дана Нұржігіт ханым құттықтап үлгерді.

«Гүлмира жүлдең құтты болсын! Лайықсың. Сөз жоқ! Алыстағы Исландиядан сәлем жолдаймын!», - деп Дана Нұржігіт ыстық лебізін білдірді.

 

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.