{metadescription}
Қызылордада көлік жүргізушісі аялдамада тұрған 3 адамды қағып кеткен

Қызылордада көлік жүргізушісі аялдамада тұрған 3 адамды қағып кеткен

Қызылордада көлік автобус аялдамасындағы адамдарды басып кетті.

Салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам емханаға жеткізілді. Оқиға бүгін сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойынша болған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан «Тойота Камри» жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үш адам оқиға орнында көз жұмып, 2 адам емханаға жеткізілді. Кінәлі автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында анықталып, уақытша ұстау орталығына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде