{metadescription}
Допинг үшін спортшылар мен жаттықтырушыларды қандай жаза күтіп тұр

Допинг үшін спортшылар мен жаттықтырушыларды қандай жаза күтіп тұр

Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Заң жобасы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған.

«Қолданыстағы заңнамаға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда спортшыға допинг тағайындаған адамдарға қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу қажеттілігі туындады. Ол 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жазаны көздейді», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Сенатта.

Сонымен қатар, допингті пайдаланғаны үшін заң жобасында дисквалификация нормасы, спортшының спорттық нәтижесін жою және біліктілік ұпайларын немесе балдарын алып тастау, ақшалай көтермелеуді қайтару, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуді тоқтату ескерілген.

Бұдан бөлек, спортшыларға, жаттықтырушыларға және клуб командаларының басшыларына ай сайынғы қаржылай көмекті тоқтату, спорттық атағынан айыру, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және жүлдегері тұрғын үйді пайдалану шартын бұзу, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының және штаттық командаларының құрамдарынан спортшыларды, жаттықтырушыларды шығару қарастырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде