{metadescription}
Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала көз жұмды

Қызылордадағы жол апаты: тағы бір бала көз жұмды

Қаладағы аялдамалардың бірінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды.

Бұл ақпаратты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

«Балалар ауруханасына жатқызылған 10 жасар бала кеше Қызылорда уақытымен сағат 20.30 шамасында көз жұмды. Біз барлық тиісті шараларды жасадық, өкінішке орай баланы аман алып қалуға мүмкіндік болмады», - деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жанат Жәлиева.

Қаза болған баланың анасы қазір реанимация бөлімінде жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 21 қараша күні Қызылордада көлік аялдамадағы адамдарды басып кеткен еді.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.