{metadescription}
Қазақстанға Швейцария президенті келді

Қазақстанға Швейцария президенті келді

Швейцария үкімет мүшелері мен президентін Ақорда ішінде қызыл кілем мен президент оркестрі қарсы алды. 

Швейцария президенті Қазақстанға ресми сапармен Қасым-Жомарттың шақыруымен келіп отыр. Ули Маурерді Ақордада құрметті қарауыл сап түзеп қарсы алды. Салтанатты рәсім барысында ұлттық ұлан оркестрі Қазақстан мен Швейцарияның әнұрандарын орындады.

Салтанатты рәсімнен кейін шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өтеді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен арнайы күтіп алып, еліміздің үкімет мүшелерін таныстырды. Айта кетсек, Швейцарияда президент статусы біздің президенттік статустан өзгеше. Швейцарияда президент - мемлекет басшысы емес, мемлекетті 7 адамнан құралған федералды кеңес басқарады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде