{metadescription}
Режиссер Әділхан Ержанов Азия «Оскарын» жеңіп алды

Режиссер Әділхан Ержанов Азия «Оскарын» жеңіп алды

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов ХІІІ Азия-Тынық мұхиты кино байқауында (APSA ) топ жарды.

Азиялық «Оскар» қазақстандық режиссерге нуар стиліндегі «Қара, қара адам» («Черный, черный человек») фильмі үшін берілді. Фильм ауылда бала мәйітінің табылуымен басталады. Тергеуші істі тезірек жауып тастағысы келгенімен, қаладан келген журналист қылмыс бойынша тергеу жүргізуді талап етеді.

Марапаттау рәсімі 21 қарашада Аустралияның Брисберн қаласында өтті. Әділхан Ержанов Asia Pacific Screen Awards киножүлдесінің «Үздік режиссер» аталымында жеңімпаз болды. Бұл номинация бойынша үміткерлер қатарында Филиппин режиссері Лав Диас, қытайлық Ван Сяошуай, палестиналық Элиа Сулейман, Таиланд режиссері Аноча Сувичакорнпон болды. Былтыр Ержанов - «Үздік сценарий» («Ласковое безразличие мира»), 2014 жылы «Үздік фильм» («Хозяева», 2014 год) номинациясы бойынша үміткер болған.

APSA сыйлығы 2007 жылдан бері беріліп келеді. Оны ЮНЕСКО, FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) және Брисбен қалалық кеңесі бірігіп ұйымдастырған.  PSA байқауына Азия-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттерден 289 фильм ұсынылған. Оның ішінде 22 мемлекеттен келген 37 фильм беделді жүлделерге ие болды. Айта кетейік, 2013 жылы Ә. Ержанов «Құрылысшылар» туындысы үшін APSA NETPAC (Young Cinema Award) жүлдесін жеңіп алған еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.