{metadescription}
Отқа оранған әуе ұшағы видеоға түсіп қалған

Отқа оранған әуе ұшағы видеоға түсіп қалған

АҚШ-тың Калифорния штатында жолаушылар ұшағының бір қозғалтқышының жанып кетіп, салдарынан ол Лос-Анджелес әуежайына қайта оралған. 

Ұшақтың өртке оранғаны түсріліген видео Twitter желісінде тарап кетті. Бейнежазбада ұшақтың оң жақ қозғалтқышынан от пен қара түтіннің шығып жатқаны көрінеді. 

Оқиға 21 қараша күні Philippine Airlines авиаұйымының Boeing 777 бортында болған. Әуеге ұшып үлгерген сәтте ұшқыштардың бірі қозғалтқыштың бірінде ақау орын алғанын байқапты, сол себепті дереу қайта қонуға тура келген. Жолаушылар ұшағы әуеде 15 минут ғана болған. Бортта отырған 342 жолаушы мен 18 экипаж мүшелерінің барлығы аман-сау. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде