{metadescription}
Обырды сезген ит иесін аман алып қалды

Обырды сезген ит иесін аман алып қалды

АҚШ-тың Висконсин штатының тұрғыны қатерлі ісік ауруына шалдыққанын итінің арқасында білді.

Стефани Херфель есімді әйелдің айтуынша, оның Сьерра (Sierra) атты иті осыдан 6 жыл бұрын өзін біртүрлі ұстаған көрінеді. Жануар иесінің ішін қайта-қайта иіскеп, тұмсығын сол жерге баса берген. Алғашында америкалық келіншек итінің бұл қылығына мән бермеген. Алайда бірнеше күннен кейін оның иті шкафқа тығылатынды шығарған. Сьерра дөңгелене жатып алып, құйрығын жастанып, оған тұмсығын тығатын болған. 

Ішінің ауыра бастағаны мен итінің осындай оғаш әрекетінен соң, әйел медициналық көмекке жүгінген. Осы кезде дәрігерлер науқастың аналық без обырына шалдыққанын анықтаған. Осылайша ем-домды уақытында бастап, аурудың бетін қайтарған.

Арада бірнеше ай өткеннен кейін Сьерра тағы да иесінің ішін иіскелей бастайды. Тұмсығын табанымен, құйрығымен жаба берген. Бірден күдіктенген әйел тағы да дәрігерге көрінсе, обырдың белгілері бары анықталған. Қазір Стефани Херфель емделіп жатыр. 

Жалпы, Сьерраның бұл әрекетінің ғылыми мәні бар. Иттердің таза қан мен қатерлі ісікті жұқтырған қанды ажырата алатыны түрлі зерттеулермен дәлелденген (97 пайызда). Experimental Biology зерттеуіне сүйенсек, иттердің иіс сезу қабілеті адамдардан 10 мың есе күшті әрі нақты екен. Олар адам сезбейтін иістерді бірден білетін көрінеді. 

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.