{metadescription}
Алматыда көшеде жартылай жалаңаш төбелесті

Алматыда көшеде жартылай жалаңаш төбелесті

Алматыда мас ер адамдардың төбелесі видеоға түсіп қалды.

Eкі мас адам Наурызбай батыр мен Шевченко көшелерінің қиылысындағы автотұрақта өзара сөзге келіп, төбелеседі. Видеода екі ер адамның бірінің жартылай жалаңаш екені, ал екіншісі жерде қарда жатқаны көрінеді. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиғаның 22 қарашада шамамен таңғы сағат 8-дерде болғанын айтады.  

"Оқиға орнына жақын орналасқан мекеме әкімшісі белгісіз екі мас ер адам төбелесіп, әйнегін сындырғанына шағымданды. Екеуі де қамауға алынды. Жартылай жалаңаш адам медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді, ал оның 33 жастағы қарсыласы полицияға жеткізілді", - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр, төбелестің мән-жайы анықталып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.