{metadescription}
Дәрігерлер мандаринді қай уақытта жеуге болмайтынын айтты

Дәрігерлер мандаринді қай уақытта жеуге болмайтынын айтты

Мамандар мандариннің калориясы аз екенін айтады.

Ол дәруменге өте бай, тиісті мөлшерді сақтаса, ағза үшін пайдалы. Күніне төрт мандариннен көп жесе, денсаулыққа зияны болмайды. Ол иммунитетті күшейтіп, ағзадағы токсиндерді шығарады. Көңіл-күйді көтеруге де септігін тигізеді,. Диетолог-дәрігер Тамара Прунцева тәулігіне 4 мандарин жеуге ғана кеңес береді.

"Оларды күн сайын жеуге болады. Бірақ көп жемеген жөн", - дейді ол.

Дәрігер жаңа жыл мерекесінде мандарин жеу жақсы дәстүр екенін атап өтті. Алайда маман мандаринге аллергия болмауы шарт екенін айтты. Бұл пікірмен диетолог-дәрігер Елена Тихомирова да келіседі. Оның айтуынша, қыста адам ағзасына дәрумендер жетпейді. Сондықтан жеміс жеген жөн.

"Мандариннің калориясы аз. Оның құрамында дәрумен көп. Әсіресе, С витамині. Оны жақсылап жуып жеу қажет. Себебі, мандарин ұзақ сақталу үшін оның қабығы ағзаға қауіпті затпен өңделуі мүмкін", - дейді ол.

Дәрігерлер мандаринді шектес тыс жеу аллергияның пайда болуына алып келетінін айтады. Яғни іш кеуіп, асқазан-ішек жолы созылмалы аурулары асқынуы мүмкін. Себебі, оның құрамында жасұнық көп. Диетологтар мандаринді кешкі сағат 5-ке дейін жеуге кеңес береді. Ең маңыздысы оны аш қарынға жеуге болмайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде