Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ер адам аян беретін түстің арқасында байып кетті
АҚШ-тың Норт-Чарлстон қаласының тұрғыны түсінде лотереядан қомақты қаржы ұтқанын көрген.
17:50 27.11.2019
Кейін лотерея сатып алып, 250 мың доллар (97 млн теңгеге жуық) көлеміндегі олжаға кенелді. Кевин Миллер ақша ұтқанын түсінде көріпті. Бірнеше күннен соң лотерея сатып алуға бел буған.
"Соңғы сәтте лотерея алмайтын шығармын деп ойладым. Өйткені кезекте менің алдымда тұрған жігіт ұзақ уақыт лотерея таңдай алмай тұрды", - дейді Миллер.
Дегенмен ол соңына дейін күтіп, ұтыс билетін сатып алуды жөн көріпті. Артынша оның түсі орындалып, екі жүз елі мың АҚШ долларын ұтып алған. Ер азаматтың айтуынша, бұл ақшаны жаңа үй сатып алуға жұмсайды екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram