{metadescription}
Ресейлік спортшы қазақстандықты нокаутқа түсірді

Ресейлік спортшы қазақстандықты нокаутқа түсірді

Ресейлік Венер Галиев үшін бұл карьерасындағы 31-ші жеңіс, ал Ермек Тлауов алтыншы рет жеңіліс тапты.

Алматыда аралас жекпе-жектен Absolute Championship Akhmat 102 турнирі өтті. Турнир барысында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ермек Тлауов (15-5) пен 44 жастағы ресейлік Венер Галиев 30-11) кездесті. Галиевтің жеңіске жетуіне жасы кедергі болмады. Ол екінші раундта қазақстандық спортшыны нокаутпен жеңді.

Венер Галиев үшін бұл карьерасындағы 31-ші жеңіс, ал Ермек Тлауов алтыншы рет жеңіліп отыр. Бұл турнирде ресейлік Беслан Ушуков (17-3) пен Альберт Туменов (21-4) жекпе-жек өткізген болатын. Туменов Ушуковты нокаутқа түсірді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.