{metadescription}
Қала орталығында депутаттың ұлын өлтіріп кетті

Қала орталығында депутаттың ұлын өлтіріп кетті

1 желтоқсанда Украина астанасында Киев облысы кеңесінің депутаты, бизнесмен Вячеслав Соболевтің 3 жасар ұлы басына оқ тиіп, мерт болды.

Киевтегі Лев Толстой көшесінің бойында белгісіз ер адам ресторатор, облыстық кеңес депутаты Вячаслав Соболевтың көлігіне оқ жаудырды. Оқиға жексенбіде шамамен сағат 17:00-де болған. Аталған фактіге қатысты "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Ер адам С. есімді азаматқа оқ атқан. Алайда оқ автокөлікте отырған үш жасар балаға тиген. Бала жедел-жәрдем көлігінде жолда қайтыс болды", - дейді Киев полиция бөлімінің байланыс бөлімшесі. 

Депутаттың өзі атыс кезінде ұлы қаза болғанын растады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.