{metadescription}
Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Эстониядағы турнирде қола медаль алды

Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Эстониядағы турнирде қола медаль алды

Эстония астанасы Таллинде үстел теннисінен «Estonian Open» халықаралық турнирі аяқталды.

Аталған сында қазақстандық Зәуреш Ақашева екі мәрте жүлдегер атанды. Зәуреш алдымен польшалық клуб сапында командалық турнирдің ақтық сынына дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Кейін жекелей сында турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетелік, Эстониядағы турнир 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Жарысқа 15 мемлекеттен спортшылар қатысты. 

Еске салайық, Мадридте (Испания) каратэден «Премьер Лига-Мадрид Опен 2019» бәсекесі мәреге жетті. Халықаралық турнир қорытындысында Қазақстан 3 алтын олжалады.

Дереккөз: olympic.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.