{metadescription}
Павлодар оқушыларының челленджі әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді

Павлодар оқушыларының челленджі әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді

Павлодар қаласының орта мектептері арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж басталды.

Абзал Қабдраш есімді азаматтың Facebook-тегі парақшасында жариялаған видеодан мектеп оқушыларының елімізде хитке айналған Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әнін қосыла шырқағанын көруге болады. 

«Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі Тәуелсіздік мерекесіне арналған челленджді «Жебе» және «Қағандық» қоғамдық бірлестігінен қабыл алып, №19 жалпы орта білім беру мектебіне жолдайды», - деді оқушылар әнді шырқамастан бұрын мектеп ұстаздарының бірі.

Әлеуметтік желіде жарияланғанына тәулік болмса да бұл видеоны 10 мыңнан астам адам тамашалап, оның 400-ден астамы лүпіл басқан. Бөліскен адамдардың қатары 600-ге жуықтайды. Пікір жазушылардың да легі қалың.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.