{metadescription}
Ресейлік Роман Бобиков «Әлем барысы» атанды

Ресейлік Роман Бобиков «Әлем барысы» атанды

Бүгін Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Қазақ күресінен абсолюттік  «Әлем барысы» әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ақтық сында отандасымыз Айбек Нұғымаров Ресей палуаны Роман Бобиковке есе жіберді. Осылайша Ресейлік палуаннан жеңіліс тапқан жерлесіміз Айбек Нұғымаров «Әлем барысы» әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал «Әлем барысының» қола жүлдесі үшін белдесуінде отандасымыз Мақсат Исағабылов өзбек палуаны Мухсин Хисамиддиновтен басым түсті.

Есте болса, өткен жылғы «Әлем барысы» чемпионатында Ресей палуаны Роман Бобиков Грузия палуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпағандықтан үшінші орын алған еді.

«Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

Айта кетейік, бұл сында еліміздің намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғаған болатын. Өкінішке қарай, алғашқы айналымдағы тартысты белдесуде Руслан Әбдіразақов Моңғолия елінен келген қандасымызға есе жіберді. Одан кейін Маңғыстау обылсының өкілі Нұрдаулет Жарылғапов өзінің әдісіне өзі түсіп, Грек балуанына жеңісті қолдан жіберіп алды.

Төртінші рет өткен бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысты. «Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары келген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.