{metadescription}
Таразда супермаркет өртеніп кетті

Таразда супермаркет өртеніп кетті

Өрт 1000 шаршы метрден астам аумақты шарпыды.

Қазір мамандар оқиғаның себебін анықтап жатыр. Жамбыл облысы Тараз қаласындағы супермаркеттердің бірі өртенді. Тілсіз жаумен күресуге 84 өрт сөндіруші мен 19 арнайы техника жұмылдырылды. Бүгін Тараз қаласының "101" пультіне Сәтпаев көшесіндегі "Эврика" супермаркетінің екі қабатты ғимараты өртенгені туралы ақпарат түсті. Бұл туралы мәліметті Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі таратты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер келгенде екінші қабаттың төбесі жанып жатыпты. Тілсіз жау сағат 03:31-де ауыздықталды. Ғимараттың 1 187 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Полиция супермаркет территориясын қоршауға алды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.