{metadescription}
13 жастағы жасөспірімнен 4 күннен бері хабар жоқ

13 жастағы жасөспірімнен 4 күннен бері хабар жоқ

Денис Матвеев 28 қарашада 7:50-да мектепке кетіп, содан оралмаған.

Рудныйда 13 жастағы бала төр күннен бері іздестіріліп жатыр. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Денис Матвеев 28 қарашада 7:50-да мектепке кетіп, содан оралмаған. Жасөспірімнің бойы 150 сантиметр белгілері, орташа денелі, шашы ақ сары, көздері сұр түсті. Үстіне сұр-жасыл түсті бас киім, қоңыр күртке, қара түсті шалбар, ақ жейде және қара аяқ киім киген. Және  қара түсті сөмкесі мен спорт спорт киімдері салынған қызғылт сары пакеті болған. 

«Жасөспірімнің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, Рудный полиция басқармасына 3-31-27, 3-30-20, 87754359044 осы телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.