{metadescription}
Мүгедек жанды арбамен тасыған итке жұрт сүйсінді

Мүгедек жанды арбамен тасыған итке жұрт сүйсінді

Тараз қаласының тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіне өзінің мүгедек иесі отырған арбаны итеруге көмектескен итті видеоға түсіріп, таратты.

Желіде тараған бейнежазбада мүгедектерге арналған арбадағы иесін артынан итеріп келе жатқан ит анық байқалады. Бұны көлікте отырған жолаушылардың бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 

"Міне, Таразда овчарка иті өзінің мүгедек иесін сүйреп барады", - дейді видео авторы.

Instagram желісінің қолданушылары иттің бұл қылығына сүйсініп, таңқаласып жазба қалдырып жатыр. Видеоның астында "ит адамның досы ғой", "жануарларды аялайық" деген сынды жазбалар кездеседі.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде