{metadescription}
Головкин мен Роналду бірлесіп жаңа жоба дайындап жатқанын хабарлады

Головкин мен Роналду бірлесіп жаңа жоба дайындап жатқанын хабарлады

Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду бір жобаға қатысып жатыр.

Спортшылар инстаграм парақшаларында жариялағандай, Туринде DAZN компаниясы үшін түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

"Досым Криштиану Роналдумен Туринде өткен керемет күн. DAZN-ға жаңа жоба дайындап жатырмыз", - деп жазған Головкин.

"Ювентус" форварды Головкинге өз командасының футболкасын сыйға тартса, GGG өз кезегінде боксер қолғабын табыстады.

"DAZN-ға арналған жаңа жобада ерекше досыммен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Сені көргеніме қуаныштымын, GGG", - деп футболшы да өз парақшасына пост қалдырған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде