{metadescription}
БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді

БҚО-да жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 4 желтоқсан күні кешкісін Орал-Атырау жолының 89-шақырымында болған. Ақжайық ауылы Самал ауылы тұсында 1985 жылғы жүргізуші «КамАЗ» автокөлігімен қарсы бетке шығып кетіп, 1989 жылғы азамат айдап келе жатқан «Лада Приора» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған 1981 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. 1987 жылғы тағы бір жолаушы Чапаев ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Жәдігер Құсайынов Чапаев трассалық медициналық-құтқару бекетінің 4 қызметкері оқиға орнына шұғыл жетіп, төрт адамды құтқарғанын мәлімдеді.

1987 және 1989 жыы туған ер, сондай-ақ 1987, 1995 жылғы әйел адамдар ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жабық бас-ми жарақатын алып, жеңіл дәрежеде миы соғылған 32 жастағы әйел ауруханаға жатқызылып, қалған үшеуі амбулаторлық ем алуға жіберілді. Айта кетейік, өңірде көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.