{metadescription}
Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды. 

"Бүгін Қазақстан президенті канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі", - деп жазды Берік Уәли.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ, бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде