{metadescription}
Үндістаннан шыққан кедей иммигрант Google-ды басқарады

Үндістаннан шыққан кедей иммигрант Google-ды басқарады

Google-дың негізін салушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин Alphabet компаниясындағы қызметтерінен кетіп, компанияны  Google-дың бас директоры Сундар Пичаи басқаратыны белгілі болды.

Оның бұрынғы лауазымы да сақталады. Сундар Пичаи 1972 жылдың 12 шілдесінде Үндістанның Ченнай қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Кейін Стэнфорд университетінің стипендиясын ұтып алып, 1993 жылы АҚШ-қа қоныс аударған.  Google-ге 2004 жылы келген. Оған дейін MBA дипломын алып, Applied Materials, McKinsey & Co компанияларында жұмыс істеген.

Сундар Пичаидың Google-дегі қатардағы жұмыскерлікке үміткер ретіндегі әңгімелесуі 2004 жылдың 1 сәуірінде өтті. Дәл осы кезде компания Gmail-ды іске қосып жатқан еді. Жұмысқа қабылданған соң оған дәл осы сервисті дамыту тапсырылады. Кейін Google-тулбармен айналысады. Кейін ол басшылыққа Google Chrome-ды жасауды ұсынады, деп жазады 7kun.kz.

Басында компания басшылары бұл идеяны қолдамайды. Алайда Сундар мен 10 инженер Chrome-ды жасырын жасап, басшылыққа ұсынады. 2008 жылы Google Chrome іске ұосылады. Қазіргі таңда қолданушылардың 67% интернетке осы браузермен кіреді. Осыдан кейін Сундардың қызметі өсе бастайды. 2008 жылы ол өнім жасау бойынша вице-президент, 2012 жылы Google Chrome мен фирмалық қосымшалардың вице-президенті болады.  Кейін Android жүйесін, Google Drive, Google Maps-ты дамытумен айналысады. 2009 жылы Twitter оны командасына шақырады, алайда Google ресми емес дерек бойынша 10-50 миллион аралығындағы доллар төлеп, қалдыруға көндірген.

2014 жылы оны Microsoft бас директорлыққа шақырады. 2015 жылы Google-дың негізін салушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин Alphabet компаниясын құрып, Google оның еншілес компаниясына айналып, оның бас директорлығына Сундар Пичаи барады. Енді 47 жастағы Сундар Пичай енді Google-мен қатар Alphabet-ті де басқарады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

08 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде