{metadescription}
Ақтөбеде селфи жасамақ болған қыз ажал құшты

Ақтөбеде селфи жасамақ болған қыз ажал құшты

Ақтөбеде селфи жасап, теміржол бойында суретке түскен қыз ауруханада көз жұмды.

Оқиға 4 желтоқсан күні болған. Сағат сағат 23:00 шамасында Әуе қалашығы ауданындағы теміржол бойынша екі қыз селфи жасап, суретке түскен.

«Екі қыз келе жатқан пойыздың фонында, селфи жасаған. Сол кезде қыздардың бірін пойыз қағып кетті. Зардап шегуші Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді, сол жерде бүгін таңертең көз жұмды. Осыған байланысты полиция департаменті жаяу жүргіншілерді теміржол маңында, автожолдарда сақ болуды ескертеді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Осыған байланысты полицейлер ақтөбеліктерді темір жол маңында және автожолдарда сақ болуды ескертеді. Тек қараша айының өзінде Ақтөбе облысында 43 жаяу жүргінші зардап шегіп, оның ішінде 6 адам қаза болып, 39 адам жараланған. Жыл басынан бері 17 адам қаза болып, 300 адам жараланды. 304 жаяу жүргіншілерден 108-і жаяу жүргіншілер өткелінде, қалған 196-і белгіленбеген орындарда апатқа ұшыраған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.