{metadescription}
Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды.

Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.

«Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік «Виктория» музыкалық премиясында екі аталымда - «Классикалық музыкада жылдың әншісі» және «Жыл жаңалығы» бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым», - деп жазды Димаш.

Сондай-ақ, ол Ресейдегі командасына және композитор Игорь Крутойға ризашылығын білдірді. «Виктория» - Ресейдің тұңғыш әрі бірегей премиясы. Мұнда жыл қортыныдысы бойынша ең үздік профессионалдар - музыкант, орындаушы, сазгер, ақын, музыка сыншысы, журналисттер таңдалады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

08 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде