{metadescription}
Газ жарылып, кемінде 11 адам қаза болды

Газ жарылып, кемінде 11 адам қаза болды

Иранда газ жарылып, кемінде 11 адам қайтыс болған.

Иранның ақпарат құралдарының жазуынша, 5 желтоқсанда Курдистан провинциясында газ жарылып, кемінде 11 адам өлген, ондаған адам жараланған. Mehr жартылай ресми ақпарат агенттігі жарылыстың Саккез қаласында неке қию залында болғанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында бес бала болған.

Оқиға орнына құтқару командасы және жедел жәрдем көліктері жіберілген. Жарылыс туралы өзге ақпарат айтылмайды.

Еске салайық, Ақмола облысының Жақсы ауданында астық қоймасында бетон плита құлап кетіп, 46 жастағы жұмысшы көз жұмған болатын.

Дереккөз: azattyq.org

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде