{metadescription}
Иесін іздеген көлік жұртты күлдірді

Иесін іздеген көлік жұртты күлдірді

Ресейдің Пермь қаласында темір тұлпар бірнеше минут бойы иесін іздеп жүріпті.

Әлеуметтік желілерде өздігінен оталып жүріп кеткен автокөлікітің видеосы тарады. Бейнежазбада көлік тізгінінде ешкім отырмаған темір тұлпардың көше бойымен өзідігімен айналып жүргендігі байқалады. Артынша иесі іш киіммен жүгіріп шығып, оны тоқтатпақшы болады. Абырой болғанда оқиғаның салдарынан ешкім жарақаттанбапты. 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жайт жайлы жарыса пікір қалдырып жатыр. Біреулер көліктің өздігінен оталаттындығын мақтап, "дәл осындай автокөлікті сатып алу керек қой" деп жазса, ендігілер Ресейде мұндай оқиғаға таңқалудың қажет жоқ екендігін айтты. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде