{metadescription}
Нұр-Сұлтанда жазушы Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді

Нұр-Сұлтанда жазушы Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді

Көше елорданың сол жағалауындағы ЭКСПО аумағына жақын маңда орналасқан.

Мәңгілік ел көшесімен қиылысады. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді. Тірісінде-ақ «абыз Әбіш» атанған заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлының бүгін туған күні. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері тірі болғанда, бүгін 80 жасқа толар еді. Жаңа көшенің ашылуына абыз жазушының аяулы жары Клара Жұмабаева, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, академик, ғалым Кенжеғали Сағадиев, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов қатысты.

«Қазақтың осындай біртуар, абыз азаматы болғанға шүкір етуіміз керек. Осы көшенің бойынан өткен өскелең ұрпақ Әбіш Кекілбайұлының кім екенін, Нұр-Сұлтан қаласының не үшін салынғанын ескеріп, тәуелсіздігіміздің баянды болуына өз үлесін қосады деп ойлаймын», - деді Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев.

Көше елорданың сол жағалауындағы ЭКСПО аумағына жақын маңда орналасқан, деп жазады sn.kz. Мәңгілік ел көшесімен қиылысады.

«Бұл – мемлекетіміздің мәдениет қайраткерлеріне, біздің жазушыларға, қазақ елінің бірлігін, ынтымағын көтеріп жүрген азаматтарға үлкен құрмет. Әбіш ағаның ұрпағы жасай берсін! Бәріңізге береке-бірлік тілейміз! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.