{metadescription}
Броконерлер айғақты жасыру үшін астындағы қымбат көлікті өртеп жіберді

Броконерлер айғақты жасыру үшін астындағы қымбат көлікті өртеп жіберді

Көліктің ішінен ақбөкеннің екі қарақұйрығы, екі 12-калибрлі мылтық, қақпан, ыдыстағы бензин және 12 калибрлі қарудың 50 шақты оғы табылды.

Ақтөбе облысында браконьерлер ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін ұсталды. 

"2019 жылы 5 желтоқсанда түнгі сағат 3:45 шамасында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында рейдтік іс-шаралар кезінде "Охотзоопром" өндірістік-өнеркәсіптік кәсіпорнының Ақтөбе облыстық филиалының инспекторлары күдікті Toyota Land Cruiser 100 автокөлігін байқады. Олардың ізіне түскенде күдіктілер айғақтарды жасыру үшін көлікті өртеп жіберген. Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды", - деді Сәкен Ділдахмет.

Ұсталғандар ақбөкендерді атқандарын мойындады. Көліктің ішінен ақбөкеннің екі қарақұйрығы, екі 12-калибрлі мылтық, қақпан, ыдыстағы бензин және 12 калибрлі қарудың 50 шақты оғы табылды. Қазіргі уақытта Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр. Бұл факт 2019 жылдың 5 желтоқсанында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Шалқар ауданының полиция бөлімінің бірыңғай дерек тізіліміне тіркелді.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде