{metadescription}
Безбүйрек ана баласын екі мың долларға сатып жіберген

Безбүйрек ана баласын екі мың долларға сатып жіберген

Американың Кентукки штатының тұрғыны Мария Доминго-Перез бес баласының біреуін ерлі-зайыптыларға сатқан.

Оқиға бастауыш мектеп ғимаратының алдында болған. Американың Кентукки штатында бастауыш мектептің алдында туған баласын бөтен біреулерге сатқан әйел тұтқындалды. The Sun басылымының ақпарынша, 31 жастағы Мария Доминго-Перез өзінің бес баласының біреуін белгісіз бір жұпқа сатқан. Оқиға бастауыш мектеп ғимаратының алдында болған. Сатып алушылар безбүйрек анаға екі мың доллар төлепті.

Мектепте осы оқиға жайлы қауесет тараған. Нәтижесінде полиция қызметкерлері әйел мен сатып алушыларды – 37 жастағы Катарина Хосе Фелипе мен 45 жастағы Хосе Мануэль Паскальді қолға түсірді. Басында безбүйрек ананың полицияға берген жауаптары жалған болып шыққан. Алайда, кейіннен ол кінәсін мойындапты. Құқық қорғаушылар баланың жасы мен жынысына қатысты ақпарат берген жоқ.

3 желтоқсан күні ұсталғандарға баланы сату мен сатып алу бойынша айыптар тағылды. Саудаға салынған бала мен әйелдің қалған төрт баласы қазіргі уақытта мектеп қызметкерінің қарауында қалып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.