{metadescription}
Жаңаөзенде 14 жасар жасөспірім 9 жылға сотталды

Жаңаөзенде 14 жасар жасөспірім 9 жылға сотталды

Жаңаөзенде оқушыны пышақтаған жеткіншекке қатысты сот үкімі шықты.

Оқиға 6 ай бұрын болған. 9-сынып оқушылары «Шұғыла» шағын ауданында төбелесіп, салдарынан 15 жастағы Қанағат Аманқосов пышақ жарақатынан мерт болды. Бірнеше жерден жарақат алған жеткіншекті дәрігерлер аман алып қала алмады. Аталған қылмыстық жағдайға байланысты іс қозғалып, іс 3 ай тергеліп, сот үкімі шықты.

«Б есімді жасөспірім ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 7.14-тармақтарымен Маңғыстау облыстық мамандандырылған қылмыстық істер сотымен кінәлі деп танылып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды», - дейді Жаңаөзен қаласы ПБ ТБ тергеушісі Маңғыстау Джанабев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде