{metadescription}
Көк базар сатушысы сүтті сұйылтып жатқанда әшкере болды

Көк базар сатушысы сүтті сұйылтып жатқанда әшкере болды

Әлеуметтік желіде оңтүстік астанадағы базарлардың бірінде сүтін сұйылтқан сатушының видеосы қызу талқылануда.

Желі қолданушыларының сөзінше, сүт сатушылар қолдың қаймағына да су қосады. Үнемдейміз деумен шұбатқа дүкенде сатылатын айранды құйып, араластыратын көрінеді. "Бұрын да солай болған. Оның үстіне қолдың майын арзан маргаринмен араластырып сатады", "Үйдің азық-түліктері деген осы", деп наразылықтарын білдірді алматылықтар. Ал мамандар оларға сүт өнімдерін тек сенімді сатушылардан ғана алуға кеңес беріп отыр. 

Сүтті көбейту мақсатында үстінен суды немесе басқа қоспаларды қосудың денсаулыққа қандай зияны бар? Сүтті қайдан сатып алу керек және сатып аларда не нәрсеге назар аудару қажет? Қазақстан Республикасы Сүт кеңесінің директоры Владимир Кожевников жоғарыда аталған сұрақтарға жауап беріп, сұйылтылған сүт өнімдеріне қандай шара қолданылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Владимир Кожевниковтың айтуы бойынша, кеңес қызметкерлері көшеде ешбір құқықсыз сүтті және сүт өнімдерін сатып жүрген азаматтармен түсіндіру шараларын жүргізеді. Маман сүтті ешкімнің сұйылтуға құқығы жоқ екенін ескере, мұндай сүттің адам денсаулығына кесірі үлкен екенін айтты. 

"Біз өзіміз де көше саудасымен, ұжымдық емес каналдармен күресіп, бұлай жұмыс істеуге болмайтынын түсіндіріп келеміз. Әрине, ешкім көпшіліктің көзінше сүтті қалай сұйылтатынын көрсетіп, ашып айтпайды. Бірақ біз жыл бойы адамдарға мұндай сүт тексерістен өтпегендіктен, оны сатып алу қауіпті екенін түсіндіреміз. Мысалы, сұйылтылған сүттің ішінде антибиотиктер болуы мүмкін немесе самотит дертімен ауыратын сиырдың сүті нарықта сатылуы мүмкін.

Біз базарда немесе көшеде сүт сатқан апаларға қарсы шығамыз демеймін. Олар өз кәсіптерін жасай берсін, тек сататын өнімі міндетті түрде бақылаудан өтуі тиіс. Ұйымдастырылған нарықтарда, базарда сатылатын сүттің ветеринарлық қызметтердің тексерісінен өткенін растайтын сертификаты болуы қажет. Ал зауыттардан шығатын сүттерді айтсақ, олардың барлығы бақылауға алынған. Сүттің әр топтамасы зертханалық әдістермен тексеріледі. Оны біз ең алдымен шаруашылықтан, жеке шаруашылықтан сатып алған соң, зауыттарда өндірістен өткіземіз. Содан кейін ғана саудаға шығарамыз", - дейді Қазақстан Республикасы Сүт кеңесінің атқарушы директоры Владимир Кожевников. 

Сонымен қатар, маман сүт және сүт өнімдерін сатып аларда неге мән беру керектігін түсіндірді. Аталған талаптарға сай келетін қаптамадағы сүттерді супермаркеттерден бөлек, шағын дүкендерден сатып алуға кеңес берді. 

"Ең бірінші қаптамасына назар аудару қажет. Өнімді таңбалаудың нөл жиырма екінші деген арнайы стандарты бар, соған сәйкес болуы тиіс. Сақтау мерзіміне, таңбалануына және  сақтау шарттарына да көңіл бөлген маңызды", - деді директор. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде