Ауа райына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылды
Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай өңірінде көліктің барлық түріне шектеу қойылып, тағы бірнеше өңірде жол жабылды.
10:09 07.12.2019
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен төмендегі бағыттағы жолдар жабылған:
1. «Қостанай-Әулиеккөл-Сұрған» жолының 3-232 шақырымы, Қостанай қ. – Ақмола облысының аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);
2. «Мәмлүт-Қостанай» жолының 180-330 шақырымы (көліктің барлық түрі бойынша);
3. «Екатеринбург-Алматы» жолының 589-729 шақырымы, Щербаков ауылы – СҚО аумағы (көліктің барлық түрі бойынша);
4. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 232-260 шақырымы, Қостанай обл. – Сұрған ауылы учаскесі(көліктің барлық түрі бойынша);
5. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 0-82 шақырымы, Жақсы ауылы мен Бұзылық аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);
6. «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-552 шақырымы, Қостанай обл.- Сұрған аралығындағы учаске (көліктің барлық түрі бойынша);
7. «Екатеринбург-Алматы» жолының 856-1006 шақырымы, СҚО – Атбасар қаласы аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);
8. «Самара-Шымкент» жолының 773-1153 шақырымы, Белогорка ауылы – Ырғыз ауылы аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);
9. «Самара-Шымкент» жолының 1240-1357 шақырымы, Ақтөбе облысы – Арал қаласы аралығы (көліктің барлық түрі бойынша);
10. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы жолының 15-105 шақырымы, Белоусовка – Риддер аралығы (жүк және қоғамдық көліктер бойынша);
11. «Омбы-Майқапшагай» жолының 910-1002 аралығы, Қалбатау мен Көкпекті ауылдарының аралығы (жүк және қоғамдық көліктер бойынша);
12. «Алматы-Өскемен» жолының 780-1068 шақырымы, Аягөз қаласы мен Қасым Қайсенов кенті аралығы (жүк және қоғамдық көліктер бойынша);
13. «Өскемен-Семей» жолының 7-198 шақырымы, Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы (жүк және қоғамдық көліктер бойынша).
Сонымен қатар, соңғы мәлімет бойынша ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола облысында репсубликалық маңызы бар жолдың Щуче-Зеренді (0-47 шақырым) аралығындағы учаскесінде көліктің барлық түрі бойынша жол жабылған. Жол үстінде қандай да бір күрделі жағдайға тап болсаңыз +7 7172 444 777, сонымен бірге диспетчерлік қызметтің WhatsApp қызметі бар +7 771 744 47 77 нөміріне хабарласуыңызға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!