{metadescription}
Атырауда оқушылар апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды

Атырауда оқушылар апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан бір адам көз жұмып, тоғыз жолаушы жарақат алған.

Оқиға жұма күні кешкі сағат 19.50 шамасында «Атырау - Орал» тасжолында, Индер ауданында болған. Opel Vectra және Lada көліктері соқтығысып қалған. Opel Vectra көлігінің 1987 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Тағы тоғыз адам зардап шекті. Оның ішінде бес оқушы бар. Барлығы жедел жәрдеммен Индербор ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы көмек көрсетілген соң барлығы үйіне жіберілген. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеп-тексеру басталды.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.