{metadescription}
Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырған

Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырған

Алматы қаласындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» мәдени іс-шара ұйымдастырушысы Әсем Бижанмен қазақстандық әйелдердің басынан өтіп жатқан қайғылы оқиғаларын бөлісті.

«Әйгерім атты келіншектің анасы ол үш жасқа келген кезде қайтыс болады. Алты айдан соң әкесі екінші әйел алады. Бірақ өгей анасы оны керек етпейді, ақыры 15 жасында өзінен 15 жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып кетеді. Әйгерім жолдасымен де бақытты болмаған. Ол үйде тек малға қарап, үй шаруасын атқаратын қызметші есебінде жүреді. Сәл қателігі үшін күйеуі оны ұрып-соғып, қатты жазалайтын болған. Сөйтіп жүріп 3 бала туады. Сол уақыт аралығында оның мұрны да, қабырғасы да сынған, басынан жарақаттар алған. Жолдасы Әйгерімге: «Сен ешкімге керек емессің! Қалаға барсаң, әлдебіреулер сені құлдыққа сатып, зорлап кетеді», –  деп сендіріп отырған. Осылайша сол үйде 16 жыл өмірі өткен», - деді Әсем Бижан. 

Кезекті бір қатты соққыдан соң Әйгерім балаларын алып кетіп қалған. Бір адамдардан біз туралы естіп, осында келген соң  ақырындап аяққа тұра бастады, деп хабарлайды «Замана» басылымы.

«Бүгінде біздің орталық қыз-келіншектердің өмірлерін жақсы жағына қарай өзгертуге, жағымды жаңалықтар енгізуге барынша күш салып отыр», – дейді Әсем.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде