{metadescription}
Ақтауда бронхит дертімен ауруханада жатқан 14 жасар бала комаға түсіп қалды

Ақтауда бронхит дертімен ауруханада жатқан 14 жасар бала комаға түсіп қалды

Ақтауда 14 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр.

14 жасар Максим Абилов 28 қараша күні жедел бронхитпен жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген. Қан талдауынан кейін лейкоз диагнозы қойылып, сол күні педиатрия бөліміне жатқызылады. Келесі күні жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түседі. Үш күнде беті бері қараған соң дәрігерлер қайтадан педиатрия бөліміне ауыстырады. Баланың анасы дәрігерлердің ең бірінші қателігі осы болды дейді.

«Өзі тамақ ішіп, өздігінен тұрып жүрген соң дәрігерлер « орын жоқ, басқа балаларды жатқызуымыз керек » деді. Бірақ бос керуеттер толып тұрған көрдім. Ұлымның жағдайы жақсарып кетпеген еді, себебі денесі қатты қызулап, қан қысымы 160-қа көтеріліп тұрды. Соған қарамастан оны жансақтау бөлімінен шығарып тастады, ал педиатрия бөлімі қабылдап алған. Алайда ол бөлімде баламды қай дәрігер қабылдап алғаны белгісіз. 3 дәрігер де кезекшілікке түскен кезімізде бала педиатрияға келіп қойған дейді. Сонда медбикелер қабылдаған ба? Мен түсінбеймін», - дейді Наталья Абилова.

Сол күні педиатрия бөлімінде таңертеңнен бастап кезекшілікте болған дәрігер науқасты осында ауыстырғанынан хабарсыз болғанын айтып ақталады. Ол баланы көрген кезде оның жағдайы расымен нашар екенін байқаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 желтоқсан күні таңертең 10-да ауыстырылған. Мен оны білген жоқпын. 1-ге жақын тромбоконцентрант келді деп мейірбике шақырғанда білдім. Мен кезекшілікті 8 жарымда қабылдадым. Көрген кезде жағдайы ауыр болды», - дейді облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің дәрігері Раушан Айтпаева.

Дәрігердің айтуынша, науқастың жағдайы нашар екенін жансақтау бөліміне хабарлап, содан кейін реаниматолог келіп қараған. Ал баланың туыстары педиатрияда ем-дом дұрыс жүргізілмеді деп отыр. Дәрі-дәрмек беру процедурасы өрескел бұзылып, салдарынан баланың жағдайы күрт нашарлаған дейді олар.

«Таңертең баланы педиатрияға ауыстырып тастаған. Сосын түстен кейін сағат 4-те тромбоцит дәрісін әкелді, оны құйды. Басында реакция болды. Бала басым ауырып жатыр деді. Қазір саламыз, қан қысымы көтеріліп кетті деді. 2 ампула ине салды. Қысымы түсті деді де, қайтадан тромбоцитті салды. 30-40 минутта құйылатын зат екен, 2-де келген тромбоцитті 4-те құйып бастады. Бала сол күні 7-де қайтадан нашарлап, реанимацияға түсті. Дәрігерлер бір-біріне сілтеп отыр», - дейді науқастың туысы Бахтияр Құдайбергенов.

Ертесінде таңертең бала қозғалыссыз жатқан. Дәрігерлердің сөзінше, түстен кейін бала команың бірінші дәрежесіне түскен. Сол күні Алматыдан дәрігерлер шақыртылған. Бірақ санавиациямен алып кетуге науқастың жағдайы жарамайтындықтан, ауруханада қалдыруға мәжбүр болады. Анасы олардың тым кеш шақырылғанына қынжылады. Дәрігерлердің үшінші қателігі осы болды дейді ол.

«Санавиация 3-те келді. Бала ауруханаға түскенде демалыс күндеріне, яғни 30 қараша, 1-2 желтоқсан күндеріне сәйкес келіп қалды. Олар келіп, алып кете алмайтынын айтты», - дейді облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Мереке Бекбаев.

Науқасты енді орнынан қозғауға мүмкіндік жоқ. Әсіресе, әуе көлігімен ұшу ол үшін аса қатерлі. Қан тамырлары жоғары қысымды көтере алмауы мүмкін. Сондықтан қажетті мамандар осында алдырылады. Алматыдан арнайы шақырылған гемотолог маман келеді. Ол баланың жағдайымен танысып, әрі қарай қандай ем-дом жасау керектігін айтады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.