{metadescription}
Танымал әншінің супермаркеттегі қылығы жұртты таңғалдырды

Танымал әншінің супермаркеттегі қылығы жұртты таңғалдырды

Әлемге танылған әнші Sia супермаркетке келіп кезекте тұрған адамдардың сатып алған тауары үшін ақша төлей бастаған.

Жұрт жұлдызды бірден таныған жоқ. Өйткені ол клиптеріне бетін жауып тұратын жасанды шашпен түседі. Сондықтан әнші АҚШ-тың Палм-Спрингс қаласындағы дүкенге келгенде ешкім танымады. Sia супермаркетке кіріп, лотереядан қомақты ақша ұтқанын айтқан. Кейін кезектегі адамдардың тауарлары үшін төлей бастапты. 

Алайда дүкенде әншінің жанкүйері болған екен. Ол Sia-ны танып, селфи жасаған. Жиылған жұрт танымал әншінің мұндай әрекетіне таңғалды. Бұл жағдайдан оның шығармашылығына қызығушылық артып, жанкүйерлерінің махаббаты еселенді. 43 жастағы әнші көптеген хит авторы. Chandelier әні 2013 жылы барша әлемге танылды.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде