{metadescription}
Көзілдірігіне жасырын камера орнатқан гинеколог ұсталды

Көзілдірігіне жасырын камера орнатқан гинеколог ұсталды

Ұлыбританияның Суррей графтығындағы Редхилл қаласында ауруханада гинеколог болып жұмыс істейтін еркек көзілдірігіне жасырын камера орнатып, өз ісінің «ең интимді» сәттерін түсіріп алып отырған.

Осы заңсыздығы үшін ол қамауға алынды. Бір әйелдің шағымы бойынша полиция 49 жастағы Джомо Матуринді ұстады. Тінту кезінде гинеколог түсірген 15 фотосурет пен 96 бейнетаспаны табылды. Видеода дәрігерге қаралушы әйелдер ешнәрседен сезіктенбеген әрі бейқам.

Сот тыңдалымында 2016 жылы Матурин 19 жастағы студент қызға оқуына көмек көрсету туралы ұсыныс жасағаны белгілі болды. Ол кезде ол мейірбике-практикант ретінде дәрігердің қол астында жұмыс істеген. Ал дәрігер аурухананың құрметті мамандарының бірі еді. Сол жылы қыркүйекте олар көңіл жарастырып, шамамен екі жыл бойына бір-бірімен жақын қарым-қатынаста болады.

Былтыр студент қыз Матуриннің компьютерінен кездейсоқ екеуінің жыныстық қатынасқа түскен видеосын байқап қалады. Гинеколог оған «полицияға шағымдансаң, сені өлтіріп, ал эротикалық суреттеріңді желіге таратамын» деп қорқытқан. Жәбірленуші онымен қорыққанынан ары қарай кездесе береді, бірақ 2019 жылдың 2 қаңтарында ол шыдай, бұл жайында өзімен бірге оқитын құрбысына айтып береді. Келесі күні екеуі полицияға барады.

Матурин 10 желтоқсанда өз үйінде отбасымен отырған шағында қамауға алынды. Сот үкімі шыққанға дейін ол кейбір құралдарды әйелінікі екенін айтып, оны тексеруге рұқсат бермеген. Студент тұратын жатақханада бөлмесінен де бірнеше жасырын камералар табылды. Сондай-ақ, гинекологтан 100-ден астам эротикалық жазбалар табылды. 5 желтоқсанда сот оған 14 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Дереккөз: zakon.kz

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.