{metadescription}
«Әлем аруы-2019» байқауының жеңімпазы анықталды

«Әлем аруы-2019» байқауының жеңімпазы анықталды

«Әлем аруы-2019» сұлулық байқауында Оңтүстік Африка Республикасының намысын қорғаған 26 жастағы Зозибини Тунци жеңіске жетті. 

Әлемнің ең сұлу ару лауазымын иеленуге дүние жүзі мемлекеттерінен 90 бойжеткен қатысқан. Зозибини «Әлем аруы» байқауында ОАР-ның атынан өнер көрсетіп, жеңісті иеленген үшінші бойжеткен екен. Бикеш гендерлік бөлінушілік пен стереотиптерге қарсы шығып жүрген белсенділердің бірі көрінеді.

Байқау жеңімпазына жаңадан жасалған арнайы тәжді 2018 жылғы ару Катриона Грэй (Филиппин) сыйлады. Сән сайысының марапаттау рәсімі АҚШ-тың Атланта қаласында өтті. Байқауда екінші орнынды 24 жастағы Мэдисон Андерсон (Пуэрто-Рико) иеленсе, 25 жастағы мексикалық София Арагон үшінші орын алды. 

Айта кетейік, бір апта бұрын басталған "Дүниежүзі аруы" байқауына Қазақстан атынан 18 жастағы Альфия Ерсайын да қатысты. 2017 жылы "Қазақстан аруы" атағын алған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.