{metadescription}
Ғалымдар қартаюдың үш кезеңін анықтады

Ғалымдар қартаюдың үш кезеңін анықтады

АҚШ-тың Стэнфорд университетінің ғалымдары адамның қартаю процесі бірнеше кезеңге бөлінетінін анықтады.

Зерттеу нәтижесі Nature Medicine медициналық журналында жарияланған. Қартаюдың бірінші кезеңі 34 жаста, екіншісі 60 жаста, үшіншісі 78 жаста басталады. Бұл бөлініс белгілі бір жастағы адам ағзасында болатын қанның сұйық бөлігіндегі ақуыздардың қозғалуымен түсіндіріледі.

Мамандар 18 және 95 жас аралығындағы 4263 адамның қан плазмасының ақуызын зерттеген. Жасқа байланысты оның құрылымы өзгеретіні белгілі болды. Мамандар бұл зерттеу жасқа байланысты ағзадағы өзгеріспен әлдеқайда тиімді күресуге жол ашатынын айтады

Биыл қарашада сарапшылар терінің жас көрініп, серпімділігін сақтауға көмектесетін тағамдарды атаған. Мысалы, теріні жақсартуға қызанақ көмектеседі. Күнде қызанақ жеген адамның терісі 33 пайызға ультракүлгін сәулелерден қорғалады және қартаю процестері баяулайды. Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, көк шай да пайдалы, ол теріге ғана емес, қан тамыр жүйесіне де жақсы әсер етеді. Ал қабыну процестерін жою үшін брокколи үздік өнім саналады.
 

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.