{metadescription}
Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Қазақстанда танымал журналист Сергей Степанов қайтыс болды.

Ақпаратты "Комсомольская правда в Казахстане" газетінің бас редакторы Виктор Кияница растады.

"Ол (Сергей Степанов – Sputnik) кеше, шамамен Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16.00-де қайтыс болды. Ол кенеттен 64 жасында дүниеден өтті. Сенбіде инсульт алған, жексенбіде қайтыс болды", - деді Виктор Кияница Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның айтуынша, журналистпен қоштасу сейсенбі, 10 желтоқсанда Алматыда, сағат 10.30-да Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында өтеді. Журналист Алматыдағы "Бағанашыл" зиратына жерленеді. Ата-анасы сонда жатыр. Сергей Степанов әр жылдары "Ленинская смена", "Казахстанская правда", "Караван – Блиц" басылымдарында жұмыс істеді, ал соңғы жылдары "Аргументы и факты. Казахстан" газетін басқарды.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде