{metadescription}
Қостанай облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

Қостанай облысында 12 күн бұрын жоғалып кеткен оқушы табылды

Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті бүгін тапты.

Із-түзсіз жоғалып кеткен Рудный қаласында тұратын 13 жастағы оқушы табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті бүгін тапты. Ол Рудный қаласындағы жақын маңдағы Юбилейный ауылында болған. Оның денсаулығы жақсы, қазіргі уақытта ата-анасына тапсырылды. 

Рудный қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Денис Матвеев бұған дейін де бірнеше мәрте үйінен кетіп қалған. Айта кетейік, баланы іздестіруге жедел топ құрылған. Еріктілермен бірлескен топ іздеу шараларын өткізді.

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.